90
Жаппай улану дерегі Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте орын алған.
Қазір 374 бала үйде ем алып жатыр. Ал 86 бала ауруханада, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. 1-4 сынып оқушылары мектеп асханасынан езілген картоппен тартылған еттен жасалған котлет жеген көрінеді.
Уланудың себебін өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр. Сондай-ақ, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
“Науқастарға тиісті емдеу шаралары тағайындалған. Дәрі мен төсек-орын жеткілікті. Қазір ең маңыздысы – балалардың денсаулығы”, – деді облыс әкімі.