163
Қазақстандық боксшы қытайлық У Юмен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіліс тапты. Тақымды қысып, қазақ елі жанкүйер болғанымен үміт ақталмады. Десе де, 50 келі салмақ дәрежесінде қолғап түйістірген Назым Қызайбай Париж олимпиадасының жүлдегері атанды.
Айта кету керек, қазақ қызы, барынша белсенді шабуыл жасады. Дегенмен, қарсыласының жылдамдығы басым болды.
Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы Назым Қызайбай алдымен италиялық Джордана Соррентиноны 4:1 есебімен жеңген болатын. Мұнан соң, бразилиялық Каролин Барбоза Де Альмейдадан басым түсті. Сондай-ақ ширек финалда колумбиялық Валенсияны ұтқан еді.