«Сыйақы береміз» деп бейтаныс адамды алдап соққан шымкенттік әйел ұсталды

Теги:
212

Түркістан облысындағы Сайрам ауданының тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған белгісіз біреу хабарласып, «жұмыспен қамту орталығында жұмыс жасаймын, сізге 360 000 теңге сыйақы береміз» деп сеніміне кірген. Алайда ақшалай сыйақыны алу үшін сіз бізге ақша салуыңыз керек деп айтқан. Жәбірленушінің 21 000 теңгеден астам ақшасын алып алған соң хабарсыз кеткен. Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген әйел дереу полицияға арыз жазған.

«Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, әйел адам болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Күдікті алған ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген.

Алдыңғы пост
Алматыда құрақ шөпті әдейі өртеген адамның өзі өрт сөндіруші болып шықты
Келесі пост
Шымкент әкімі «Бозарық» индустриалды аймағының құрылысымен танысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu