230
Қайғылы оқиға Ақмола облысы, Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында орын алған.
Облыстық ТЖД мәліметінше, суға батқан 4 адам – бір отбасының мүшелері. 44 жастағы әйел және 23 жастағы қызбаланың денесі судан шығарылды. Ал кейіннен жергілікті жедел-құтқару тобы әкесі мен ұлының мүрдесін тапқан. Жанұя Астанадан демалысқа келген екен.
Төрт адамның өмірін қиған қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерде болды. Бұл аймақта арнайы белгілер бар. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындар мен аудан қонақтарын судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Балаларды қадағалауға баса назар аударуды сұраймыз, – дейді Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.