СІМ ҚР азаматтарына Бангладешке бармауға кеңес береді

205

Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуға шақырады.

Сондай-ақ, азаматтарға биліктің ұсынымдарын орындауға, министрлікпен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз дейді СІМ.

Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладеште жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады.

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:

+7 (7172) 720111 (кезекші дипломат)

+7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+91 1145 555 106

+91 9667 118 363

Алдыңғы пост
Бүтін бір отбасының өмірі қыршын кетті
Келесі пост
ІІМ: “Дикий Арманның” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне тінту жүргізілді 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu