Қарақұрттан абай болыңыз!

278

ДСМ қазақстандықтарға шілде айынан, қыркүйек айына дейін қарақұрттан абай болуға шақырады. Қазіргі таңда өрмекшілердің белсенділігі артып отыр. Әсіресе, Атырау, Павлодар облыстарында қарақұрттың қаптауы елдің мазасын қашырған.

Министрлік қазақстандықтарды бес негізгі ережені ұстануға шақырады:

-қорғаныш киімін киіп жүру: қарақұрттар мекендейтін жерлерде (жануарлар ұсталатын жерлерде) ұзын шалбар және жабық аяқ киім кию;

-киім мен аяқ киімді киер алдында тексеру;

-қорғаныш құралдарын қолдану (инсектицидтер);

-тазалық сақтау: қоқыстарды тез арада шығару, қосалқы құрылыстарды тексеріп тұру;

-өрмекшілерді қолмен ұстамау.

Егер сізді қарақұрт шақса, бірден жақын маңдағы дәрігерлік ұйымынан ем алыңыз. Өйткені, жәндіктің уы адам денесіне 10-15 минутта тарайды. Айқын ауырсыну байқалып, интоксикация белгілері күшейеді. Мәселен, жүрек соғуы, ентігу, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, беттің қызаруы, тершеңдік пайда болады.

Алдыңғы пост
Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс медаль иегері атанды
Келесі пост
Парижде жалған Олимпиада медальдарын сатқан адам қамауға алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu