221
Le Parisien басылымының мәліетіне сәйкес, полицейлер көше сатушысын 800 ден астам жалған медальмен құрықтаған. Тінту барысында, қолма-қол ақша мен 500 еуро жалған купюра анықталған.
Нақтырақ айтар болсақ, тергеушілер оның жалдамалы пәтерін тінтіп, бауы бар 198 толық медаль, бауы жоқ 666 толық емес медаль, 655 зергерлік бұйымдар мен Париж 2024 эмблемасы бейнеленген 727 бауды тапқан. Сондай-ақ 1340 еуро қолма-қол ақша мен 500 еуроның жалған купюра анықталған.
Күдікті тергеуге дейін қамауға алынды. Құзырлы органдар жалған медальдардың қайдан шыққанын анықтау үстінде.
Күдікті 39 жастағы Бразилия елінің азаматы. Ол, Францияға 23 шілдеде, яғни, Олимпиаданың ашылу салтанатынан бірнеше күн бұрын келген. Содан бері ол Парижде тұрақтаған көрінеді.