Заңсыз айналымнан 290 мыңнан астам темекі тәркіленді

185

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізу фактілері бойынша 4 қылмыстық істі тіркеді. Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы сомасы 168 млн теңгені құраған.

Тыңғылықты жүргізілген рейдтік шара барысында сәйкестендіру құралдарынсыз темекінің жария түрде сатылғаны анықталды. Сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сақтау орындары белгілі болды.

Айналымнан 290 мыңнан астам қорап темекі алынды.

Заңсыз қызметті жүзеге асырған 4 күдікті анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұлдар мен бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазалар тағайындады.

Барлық тәркіленген өнім жойылуға жатады.

Алдыңғы пост
Парижде жалған Олимпиада медальдарын сатқан адам қамауға алынды
Келесі пост
Елімізде пойыз билеттері қымбаттайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu