Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыруға тырысқан күдіктілер ұсталды

290

Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді. Нәтижесінде, Қазақстанның 5 азаматы ұсталды деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында заңға қайшы қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер табылды.

Күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін сотты болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқаны белгілі болды.

Қазіргі таңда бұл азаматтарға ҚҚ 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде көз жұмды
Келесі пост
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu