132
Елордалық ана, баласынан айырылып, көз жасын тыя алмай отыр. Өйткені, баласын өзге біреулер жабылып ұрып, қинап, терезеден лақтырып жіберген екен. Небәрі 19 жастағы баласының мәйітін құшақтап қалған азаматша, заң жоқ деп налып отыр.
«Мен шырылдап отырған анамын. 4 балам бар. Ұлым ішпейді, шекпейді, жоғары оқу орнында академияда оқиды. Оны өзі ішті деп жаланы марқұм ұлыма жаппақшы. Заң қайда? Мен шырылдап отырмын. Айқайымды естіп отырған ешкім жоқ. Кінәлілердің жазасын берсе екен деймін»,-дейді қара жамылған ана.
Ал, құзырлы орган өкілдері, кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп отыр. Алдағы уақытта, оқиғаның ақ-қарасы анықталатын болады.