Бүгін – Халықаралық жастар күні

498

Атаулы күн, 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекітілген болатын.

Еркіндіктің ерен рухын паш етіп, азаттықтың шамын жаққан да жастар. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына ат салысқан осы жастар. Сондықтан, елімізде жастарға қолдау көрсетіліп, түрлі бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік жасалған. Мәселен, жыл басынан бері 20 мыңнан астам жастар кәсіби бағдар беру жұмыстарымен қамтылды. Сондай-ақ, 130 мыңнан астамы жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалардың бағыттары бойынша консультациялық көмек алды.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Айта кетейік, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың басында республика жастарының саны – 5 759 781 адамды құраған. Бұл 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар.

Алдыңғы пост
Адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды
Келесі пост
Астанада ер адам жасөспірімді пышақтап кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu