144
Желіде желдей еткен бейнематериал Астана қаласында орын алған. Видеода егде тартқан адам, жас баланың артынан барып, төбелесе жөнеледі. Мұнан соң, әлі жетпесе керек, пышақтап қаша жөнелген. Ал, жасөспірім ет қызумен аулаға қарай бет алған.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, күдікті баланы үш жерден пышақтаған болып шықты. Сондай-ақ, ол бұрын сотты болған.
“Күдікті Садуев С. О., 2001 жылы 10 маусымда 2 бап бойынша 5 жылға, 2007 жылғы 11 мамырда 4 бап бойынша 16 жылға сотталған. Ал 2024 жылғы 9 ақпанда 1 жылға бас бостандығынан шектелген. Дегенмен ол, мерзімін толықтай өтемеген”, – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда, күдікті уақытша қамау изоляторына жабылды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.