153
Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты. Құқық қорғау қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғынын ұстады.
Фото: видеодан алынды
Олар, ұрланған трансформаторларды көрші елге сатып, айласын асырып отырған.
Жәбіленушілерге келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады.
Қазіргі таңда, ұсталған азаматтарға қатысты, ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.