Бюджет қаражатын қалтасына басқандар түрмеге тоғытылды

157

«Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды.

Олар, 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аударып келген.

Жалпы сомасы 708 млн теңге залал келген. Алайда, сотталушылар,келтірілген шығынның 144 млн теңгесін ақшалай қайтарған. Сонымен қатар, мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер және Lexus автокөлігі тәркіленген.

Нәтижесінде, сот кінәлілердің бірін 5,5 жылға, екіншісін 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Трансформатор ұрлап күнін күнелткендер ұсталды
Келесі пост
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu