Ақмола облысында жауған бұршақтан 200 жуық үй зардап шеккен

198

Ақмола облысында 8-9 тамыз күндері жауған жаңбыр мен бұршақ Қараөткел аулына жаппай зақым келтірген деп хабарлайды Халық үні.

Ауылдағы 3600-ден астам үйден бүгінде жергілікті әкімдікке табиғи апат зардабы үшін өтемақы төлетуге 186 үйден өтініш түскен. Тұрғындардың сөзіне сенсек, баспаналарының 80 пайыз жарамсыз. Өйткені, көбісінің шатыры түсіп, су сорғалап, жиһаздары бүлінген.

Фото:Халық үні

Тек шатырды жасату бойынша маркетингтік зерттеу жасап көрдім. Мысалы, үйімнің төбесі 165 шаршы метр. Оның жұмысының өзіне 495 мың теңге кетейін деп тұр. Материалына 730 мыңдай кетеді. Бәрін қосқанда 1 200 мыңның үстіне шығады. Ондай қаражат дәл қазір менде жоқ. Ал енді үй ішінің төбесі, едені, қабырғаларын қоспағанның өзінде осындай шығынға батып отырмын, – дейді тұрғын.

Ауыл әкімі Талаптан Дауылтаевтың сөзінше, қазір төтенше жағдай мен әкімдік өкілдері, ауыл белсенділерінен құралған комиссия құрылып, әр үй қаралып жатыр. Комиссия үйлердің қандай жағдайға түскенін қарап, хатқа толтырып, ауданға жібермек.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады
Келесі пост
Боксты Олимпиада ойындарынан алып тастамақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu