Түркістандық келіншек жас жігітті WhatsApp арқылы сазға отырғызып кетті 

Теги: ,
229

Түркістандық келіншек азаматтардың сеніміне кіріп 5 миллион теңгеден астам ақша жымқырған.

Шымкент полициясына Түркістан облысының тұрғыны жүгінген. Жас жігіт оған WhatsApp  мессенджері арқылы хабарлама келгенін айтқан. Белгісіз адам өзін туған ағасы ретінде таныстырып, оның шотындағы барлық қаражатты аударуды сұраған. Кейін қолма-қол ақша түрінде қайтаруға уәде берген. Ол ағасымен кездесіп, берген қаржыны аламын деп ойлаған кезде алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Полицейлер арызды ҚР ҚК-нің 190 – бабы 4-тармағы 2-бөлігі “ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық” бойынша тіркеді.

Сyberpool криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шараларды өткізу барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Жедел уәкілдер оны мегаполистегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Алаяқ жас келіншек 2019 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталып, 3,5 жыл жазасын өтеген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ тергеушілер күдіктінің интернет-алаяқтықтың тағы үш дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Оның құрбаны болғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда сот шешімімен әйел кепілге жіберілді.

Алдыңғы пост
Трассада жол мекемесінің жұмысшысын көлік қағып, мерт қылды
Келесі пост
Қазақстандық қауын мен қарбыздар Еуропада сұранысқа ие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu