Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары жұмыстан босатылды

133

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов пен өзге де мамандар қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Бұл шешім, бокс федерациясының және ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданған.

“Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізіліп, ерлер құрамасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді.Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды”, – деп жазылды ресми хабарламада.

Сондай-ақ, жаңа бапкерлердің құрамы алдағы уақытта таныстырылатыны айтылған.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын бас бапкер мен жаттықтырушылардың жұмыстан босталғаны жазылған болатын. Бірақ, аздаған уақыттан соң, ресми жазба өшіп, жалған деп хабарлаған.

Алдыңғы пост
Елімізде МРТ және компьютерлік томография арзандайды
Келесі пост
Шымкенттің екі азаматы жалған купюралар мен есірткі заттарын сатпақ болған 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu