120
Оқыс оқиға, Атырау облысы Химпоселок ықшам ауданындағы көшелердің бірінде орын алған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, жеке сектордағы тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрттің орын алуына балалар сеп болған.
Оқиға орнына лезде жеткен құтқарушылар 160 шаршы метр алаңдағы қызыл жалынды ауыздықтады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды шақырады. Және кеуірт секілді тез тұтанғыш заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қоюды сұраймыз.