Шымкентте бірнеше тұрғынды газсыз қалдырған жүргізуші ақыры ұсталды

Теги: , ,
334

Шымкенттік жүргізуші жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Салдарынан бірнеше тұрғын газсыз қалған.

Жол-көлік оқиғасы туралы полицейлерге 29 маусым түскі сағат 13:30 шамасында жергілікті тұрғындардан шағым түскен. Олар белгісіз автокөлік тізгіндеушісі көшедегі газ құрылғысын соғып, оқиға орнынан кетіп қалғанын айтқан. Жол-көлік оқиғасынан соң бірнеше жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалған.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау испекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жол-көлік оқиғасына кінәлі ГАЗ- 3302 автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ер адам  бүгін, 4 шілде қала аумағында ұсталды.

Аталған жайтқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 611-бабы 2-бөлігі (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа жеткізілді.

Жинақталған материалдар сотқа жіберіліп, ал газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен көлік жүргізушісінен өндірілетін болады.

Алдыңғы пост
Кентаулық тұрғын гүл құмырасына есірткі еккен
Келесі пост
Елімізде енді жаңа туған сәбилерге бірден ЖСН беріледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu