124
Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында орын алды. 2006 жылы туған жас жігіт “Боровушка” демалу базасынан орман алқабына қарай шығып, адасып кеткен.
Жігіттен хабар ала алмаған туыстары, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне көмекке жүгінген.
Тез арада әрекет еткен құтқарушылар, жас жігітті жол жиегінен тапты. Ол демалыс базасына жеткізілді.
Айта кетейік, оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, егер төтенше жағдай орын алса, бірден 112 нөміріне хабарласыңыз!