Есірткі сату бойынша 55 telegram-арнаның заңсыз қызметі тоқтатылды 

125

Қаржылық мониторинг агенттігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп есірткі арналарының жолын кесті. Нәтижесінде, 50 мыңнан астам адамды тарта отырып, есірткі сату жөніндегі 55 telegram-арнаның заңсыз қызметін тоқтатты. Олардың жалпы айналымы 48 млрд теңгені құрады.

Жыл басынан бері ҚМА материалдары бойынша елдің құқық қорғау органдарымен (ЭТТҚ, ҰҚК, БП, ІІМ) есірткінің заңсыз айналымына байланысты 60 қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы контрабанда фактілері. Онлайн наркошоптарға қатысты тағы 29 материал бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

100-ден астам адам, оның ішінде ҰҚТ 12 мүшесі ұсталды.

Айналымнан шамамен 100 кг ауыр есірткі – кокаин, кетамин, мефедрон және марихуана, сондай-ақ оларды жасау үшін 1 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

Қылмыстардың әлеуетті қатысушылары болып табылатын 30 мыңға жуық “дроптардың” банктік карталары бұғатталған.

Шымкентте Қазақстандағы ең ірі мефедрон өндіру және тарату арнасы тоқтатылды. Есірткі лабораториясы құрылып, онда синтетикалық есірткі өндіруге арналған 1 тоннадан астам қышқыл тәркіленді. Бұл цехтың өндірістік қуаты ай сайын 50 мың доза есірткі өндіруге мүмкіндік берген.

Халықаралық “есірткі сатушылардың” жалпы табысы шамамен 30 миллион АҚШ долларын құрады, оның 12 миллионы криптовалютада шығарылды.

Алдыңғы пост
Жоғалған жігіт орман алқабынан табылды
Келесі пост
Трансұлттық қылмыстық топ құрды деген күдіктілер жауапқа тартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu