218
Гриндавик қаласына жақын жерде Сундхнукур жанартауы атқылай бастаған. Тез арада, жанартау маңындағы аймақта эвакуация жасалынды. Сондай-ақ, табиғат құбылысына байланысты, төтенше жағдай жарияланды.
Жанартау әсерінен балқыған тас бағанасы 50 метр биіктікке дейін атылған. Салдарынан, түтін қаптаған. 10 минут ішінде лава ағыны шамамен 1 километр жерге жайылған. Sky News-тың мәліметіне сәйкес, бұл жерде метеорологтар, бірнеше күн бұрын Сунднукар жанартауында сейсмикалық белсенділік пен жер сілкінісін тіркеген.
Айта кету керек, 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап, жанартау атқылап жатыр. Сондықтан, жақын маңдағы Гриндавик қаласының 4 мыңға жуық тұрғыны эвакуацияланған.