“Қазақтелеком” абоненттерді “мыстан” “оптикаға” ауыстыруда

198

Еліміздің ірі телеком операторы абоненттерін ескірген мыс технологияларынан оптикалық технологияларға ауыстыру жобасын жалғастырып жатыр. Мәселен, “Қазақтелеком” клиенттерін, ескірген мыс телефон желілерінен жылдам әрі сенімді талшықты-оптикалық байланыс желілеріне ауыстырмақ.  Жеке мыс кабелінде ID NET GPON және қалалық телефоны бар абоненттер бір талшықты-оптикалық желіге ауысады. Бұл абоненттерге де, тасымалдаушыға да белгілі бір ыңғайлы болмақ.

GPON (Gigabit-capable рassive optical network) – желінің өткізу қабілеттілігін бейне дабылнаманың жоғары сапасын қамтамасыз ете және жаңа сервистерді ұсына отырып, бірнеше Гб/с дейін арттыру мүмкіндігін беретін пассивті оптикалық желілердің технологиясы. GPON ерекшілігі телефон станциясынан абоненттің пәтеріне және нақты клиенттің кеңсесіне дейін 100% оптикалық арна болып табылады.

Бүгінгі таңда деректер жіберу және интернетпен қамтамасыз ету үшін қолданылатын мыс желілер ескірген технологиялар ретінде саналады әрі адамның заманауи қажеттіліктері жылдамдық пен қолжетімділікті тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Мәселен, Шымкент, Түркістан және Кентауда өткен жылы 5645 абонент мыстан талшыққа ауыстырылды, барлығы бес мың метрден астам мыс кабелі бөлшектелді. Биыл бұл жұмыс жалғасуда. Осы жылдың басынан бастап “оптикаға” 271 абонент ауыстырылды, оның ішінде 144 – Шымкентте, 53 – Түркістанда және 74 – Кентауда.

“Қазақтелеком” өкілі, Берік Төпетов:

“Өз жоспарымызға сәйкес біз көппәтерлі үйлерде мыс телефон кабельдерінен оптикалық желілерге ауысуды жүзеге асырамыз. Абоненттер үшін де, компания үшін де басты артықшылығы – қызмет көрсету. Мәселен, желілердегі ақауларды жою кезінде абонентке екі рет өтініш берудің қажеті жоқ. GPON талшықты-оптикалық қол жеткізу желісі бір кабельде бір уақытта бірнеше қызмет алуға мүмкіндік береді. Қосарланған техникалық қызмет көрсетуден бас тарту шығындарын оңтайландырады, яғни қашықтағы мультисервистік қол жетімділіктің телефон шкафтарын (МҚТД) – шлюздерін ұстау қажеттілігі болмайды. Біз біртіндеп ескірген технологиядан қазіргі технологияға көшеміз. “Қазақтелеком” бірнеше жыл бойы ADSL пайдаланудан бас тартып, барлық абоненттерді талшықты-оптикалық байланыс желілеріне ауыстыруға ниетті”.

Айта кету керек, өткен жылы сәтті жүзеге асқан пилоттық жобаның негізінде “Қазақтелекомда” клиенттермен жұмыс цехы жеке бөлімше ретінде құрылды. Жаңа бөлімшеге желілік-кәбілдік цех пен цифрлық желіжолдарға қызмет көрсету цехының жұмыскерлері ауыстырылды. 789 жұмыскер оқудан өтіп, сертификат алды.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі “Достық” орталығында ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті
Келесі пост
Бизнесті дамыту үшін шағын несиелеу: Шымкентте бұрын-соңды болмаған өтінімдер тіркелген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu