Гүлмира Сатыбалдының сот ісі денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды

87

Сот отырысы барысында айыпталушының адвокаты, қорғалушысының денсаулығы сыр бергенін мәлімдеген. Процесс барысына дейін толық емдеуге мүмкіндігі болмаған.

“Бізді қосқан кезде, қорғалушымыздың аллергиясы асқынғанын білдік. Оған антигистаминдік дәрілер салынды. Қазір оның бүйрегі қатты ауырып тұр, оған дәрігер табылмай жатыр. Біз сот отырысына дайынбыз, бірақ қорғалушымыздың жағдайына қараймыз – ол тіпті отыра алмайды. Сондықтан сот отырысын кейінге қалдыруды сұрайды”,- деді қорғаушы.

Судья мұндай жағдайда сот ісін жалғастыра алмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген. Нақтырақ айтар болсақ, ҚК 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу), 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (зорлық-зомбылық қолдану қаупімен аса ірі мөлшерде бопсалау) бойынша айып тағылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, прокурор айыпталушыны 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Алдыңғы пост
Банк клиенттерінің қалтасына қол сұққан күдікті Ресейден ұсталды
Келесі пост
Қазақстандықтар Ербаянға 227 миллион теңге жинады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu