Сот отырысы барысында айыпталушының адвокаты, қорғалушысының денсаулығы сыр бергенін мәлімдеген. Процесс барысына дейін толық емдеуге мүмкіндігі болмаған.
“Бізді қосқан кезде, қорғалушымыздың аллергиясы асқынғанын білдік. Оған антигистаминдік дәрілер салынды. Қазір оның бүйрегі қатты ауырып тұр, оған дәрігер табылмай жатыр. Біз сот отырысына дайынбыз, бірақ қорғалушымыздың жағдайына қараймыз – ол тіпті отыра алмайды. Сондықтан сот отырысын кейінге қалдыруды сұрайды”,- деді қорғаушы.
Судья мұндай жағдайда сот ісін жалғастыра алмайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген. Нақтырақ айтар болсақ, ҚК 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу), 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (зорлық-зомбылық қолдану қаупімен аса ірі мөлшерде бопсалау) бойынша айып тағылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, прокурор айыпталушыны 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.