206
Қостанай облысында шұңқырдан 7 жастағы баланың мәйіті шығарылды. Қайғылы жағдай, 26 тамыз күні Рудный қаласы, Қазан 50 жыл көшесінде орын алған.
Жасөспірім су құбырларын жүргізіп жатқан құрылыс алаңында топыраққа басылып қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мәйітті үйінді астынан алып шықты. Дәл сол уақытта жұмысшылар болмаған. Көрген-білгендердің сөзі бойынша, бала 30-40 минуттай жер астында жатқан.
Осы факті бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе нормативтік талаптарды бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ол бойынша процессуальдық шешім қабылданады деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.