167
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етті. Сомасы әзірге белгісіз.
Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді деп жоспарлануда.
Естеріңізде болса, Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ал оның қылмысын жасырды деп айыпталған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға қамалған болатын.
Айта кету керек, Бишімбаев жазасын аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар қамалатын колонияда өтейді.