Автобус пен жүк көліктеріне арналған заманауи автодром құрылысы қолға алынады

168

Шымкентте автобустар мен жүк көліктеріне арналған автодромы бар заманауи автомектеп құрылысы қолға алынады. Бұл туралы қала әкімінің қатысуымен өткен нивестициялық штабта айтылды. Қазіргі уақытта автодром орналасатын жер аумағы қарастырылуда.

Жобаның құны 2 миллиард теңгені құрайды. Автодром құрылысы пайдалануға берілген жағдайда жылына 5 мың адам көлік жүргізу куәлігін алуға мүмкіндігі бар. Автодром құрылысын жүргізуге отыз жұмысшы күші тартылып, жоба 2024 жылдың аяғынай дейін жүзеге асырылады деп күтілуде.

Айта кету керек, Шымкентте автобустардың 90% пайызы жаңартылған. Бүгінде қалада жолаушыларға 10 автопарк қызмет көрсетеді, онда 1000-ға жуық  автобус тіркелген. Қоғамдық көліктердің 90% пайызы жаңартылған. Қазір әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізімімен 75 маршрут айқындалған. Автобус маршруттары субсидиялар есебі арқылы қала аумағын, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан  барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтарды  қамтиды.

Тұрақты маршруттардағы 600-ден астам автобусқа жанар-жағар май ретінде экологиялық таза газ-метан  пайдаланылады. Автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станциясының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар қалалық нөмірі №30 бағыттағы қоғамдық көлігі 12 жаңа автобуспен жаңартылды. “King long” маркалы сыйымдылығы орта автобус бейнекамералармен және салқындатқыш жүйесімен толық жабдықталған. Айта кетейік, ертеңнен бастап аталған бағыттағы жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдау қызметіне кіріседі. № 30 автобус маршруты Сайрам т/а тұрғындарына 10 кестемен қызмет көрсетеді.  Айта кетейік, жаңалау жұмыстары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісім-шарттар негізінде атқарылды.

Сонымен қатар, қалада автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында «Автобус» жедел шарасы жүргізіліп тұрады. Шараның мақсаты – алыс-жақын қашықтықта жолаушы тасымалымен айналысатын көлік иелерінің тәртібін тексеру. Сондай-ақ авто көліктердің техникалық күйі мен жүргізушілердің уақытылы демалып, жұмыс режимін қатаң сақтауын тексереді.

Алдыңғы пост
1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады
Келесі пост
Сарыағашта шетелдік азамат шекарадан есірткіні аяқ киіміне жасырып алып өтпек болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu