233
Telegram негізін қалаушы, тергеу судьясының шешімімен уақытша қамау изоляторынан босатылды.
Алайда, Франциялық прокурорлар елден кетуге тыйым салды. Сондай-ақ, кепіл ретінде 5 млн еуро салуды тағайындады. Бұдан бөлек, тергеу барысында, әр екі апта сайын Париждегі полиция бөлімшесіне келіп кетуге міндеттелді.
Естеріңізде болса, 39 жастағы миллиардерге Telegram желісі арқылы есірткі тасымалы, терроризмді насихаттау, заңсыз қаржы айналдыру баптары бойынша айып тағылған болатын.