«Қазақмыс» Жезқазғанда проблемалық нысандардың құрылысын аяқтайды

309

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС салатын бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

Жұмыс сапарына «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов, құрылымдық бөлімшелердің жауапты қызметкерлері, мердігерлік ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бағдарлама бойынша бес нысанды аралады. Өңір басшысы Корпорация дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жоспарлап отырған орынды аралап көрді, сондай-ақ екі балабақша құрылысының барысымен және ауыз су сорғы станциясын күрделі жөндеумен танысты. Сонымен қатар, Гагарин көшесінде орналасқан №70/2 апатты үйге барды.

«Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Н.Нұриевтің айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқазғанда бассейні бар 320 орындық көпфункционалды спорт кешенін салуға 8 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Құрылыс 2023 жылдың көктемінде басталып, 2024 жылдың басында аяқталады.

Өңір үшін маңызды жобалардың қатарында ауыз су сорғы станциясының күрделі жөндеуі бар. Жаңа шағын аудандардың салынуын және кеңеюін ескере отырып, облыс орталығы сорғы станциясының қуатын арттыруды қажет етеді. Ол іске қосылған кезде 91-92 орамды сумен жабдықтау мәселесі шешіледі. Бұл жобаны жүзеге асыруға «Қазақмыс» корпорациясы 273 млн теңге бөлмек.

Сондай-ақ, өңір басшысы Гагарин көшесіндегі салынып бітпеген №70/2 үйге барды. Сараптамалық қорытындыға сәйкес үй апатты жағдайда және оны одан әрі пайдалану орынсыз. Қазіргі уақытта онда ешкім тұрмайды. Н.Нұриевтің айтуынша, Корпорация осы жерде жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

Корпорация 9 орамдағы 280 орындық балабақшаны, сондай-ақ Гагарин көшесіндегі 320 орындық балабақшаны бұзып, қайта салады. Мектепке дейінгі заманауи мекемелер барлық жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Осы балабақшаларды іске қосу арқылы мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезек 45%-ға қысқарады деп күтілуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте «Smart student» сайысының жеңімпаздары марапатталды
Келесі пост
Шымкентте алғашқы сайлау учаскелері ашылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu