Абай облысының прокуратурасы әрекетке қабілетсіз адамдарды қанаған директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады.
Тексеру барысында, №1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан төрт тұлғаны шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына қанау фактісі анықталды. Яғни, мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға мәжбүрлеп, тамақ дайындауға баулап, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған (сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде).
Айта кетейік, қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары (адам саудасы) бойынша тергеген.