Путинцеваның италиялық Ясмина Паолиниге қарсы матч кезінде жасаған әрекеті наразылық тудырды. Ол болл-герл берген допты үшінші ретте ғана қағып алды. Оған дейін, еш міз қақпай тұрған болатын. Осыған байланысты, неміс теннисшісі Борис Беккер пікір білдірді.
“Путинцева өзін кім деп ойлады? Болл-герлге ерсі қылық көрсетті”, – деп жазды аты аңызға айналған неміс теннисшісі Борис Беккер.
Путинцева Instagram парақшасында жанкүйерлерден ерсі мінез-құлқы үшін кешірім сұрады.
“Шынымды айтсам, мен өзіме қатты ашуландым. Өйткені мен брейк-пойнтты жіберіп алдым және ойында жеңіліп қалдым. Бұл мені қатты күйзелткені соншалық, ойға батып кеттім. Сол кезде, не болып жатқанына және маған кім доп беріп жатқанын байқамадым. Барлық балалар әдеттегідей керемет жұмыс істеді”, – деп жазды Путинцева.