«Балаларымның болашағы үшін дұрыс таңдау жасадым»

184

Елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында Шымкент қаласындағы №164 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасауға келген сайлаушылардың  қарасы қалың болды. Жауапты мамандардың мәліметінше, сайлау учаскесінде 2296 сайлаушы тіркелген. Таңғы  жетіден бері сайлаушылардың басым бөлігі дауыс беріп үлгерген.

Сайлаушылардың бірі көп балалы ана Ғазиза Исматова науқанға отбасымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Балаларымның болашағы үшін дауыс бердім деген көп балалы ана өз пікірін білдірді.

–Халық осы жолғы сайлаудан үлкен үміт күтеді. Өйткені, жаңа депуттаттар, жаңа партиялар келіп жатыр. Отбасыммен келіп дауыс беруіміз еліміздің жарқын болашағына жасалынған қадам деп білемін. Қазақстанның әр азаматы науқаннан тыс қалмай, белсенділік танытуы керек. Сайлау әділ өтіп, қашан да еліміздің болашағының жарқын болатынына, келешегінің кемел болатынына сенімдіміз,  – дейді көпбалалы ана.

«Шымкент келбеті»

Алдыңғы пост
Шымкентте үздік еңбек әулеті дауыс берді
Келесі пост
Шымкентте әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа ипподром ашылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu