Қайғылы жағдай Камчаткада орын алған. Ресми ақпарат бойынша, 31 тамызда жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағының қалдықтары табылған. Өкінішке орай, борттағылардың бәрі қаза тапқан.
Өңірлік тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
“Екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған әуе көлігінің қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚК 263-бабының 3-бөлігі). Жедел-тергеу тобы апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеуде”,- деп жазылған мәлімдемеде.
Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов 3 қыркүйекті аза тұту күні деп жариялады.
Оның айтуынша, ұшақта 22 адам болған. Олар Мәскеу, Камчатка және Пермь өлкелерінің, Липецк және Амур облыстарының, Удмуртия мен Бурятияның тұрғындары.