Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды

Теги: , ,
152

Туризм және спорт министрлігі алдағы жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай ынталандыру мөлшерін жариялады.

Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр.

Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген.

Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Өз тарихында 29-шы мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40-тан астам спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.

«Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталып, еліміздің әр өңірінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Спортшыларымыз жақын күндері Қытайға аттанады»,- деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Алдыңғы пост
Шымкентте деструктивті діни ағым өкілі есірткімен ұсталды
Келесі пост
Шымкентте сүйіктісін қызғанған ер адам жергілікті тұрғынды ұрып өлтірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu