154
Қарағандыда алты көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Салдарынан, бір адам оқиға орнында жан тапсырды. Ал үш адам түрлі дене жарақаттарын алып, аурухана төсегіне таңылды.
Қарағанды облысының полиция департаменті өкілінің айтуынша, жол көлік апатына сеп болған жүргізуші қолға түскен. Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізілуде.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, Lexus көлігінің 55 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырған болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының жазбаларын алды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.