Түркістандағы ауыл кітапханаларына 26 мың кітап тарту етілді

259

Түркістан облысында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани-мәдени іс-шарасы қорытындыланды.

Әкімдіктің мәліметінше,

Рухани құндылығы мол шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өңір кітапханашыларымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

“Жыл басында өңірімізде «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» жобасы бастау алды. Аталған шара Түркістан облысының руханият, әдебиет және мәдениет саласында болып жатқан жаңалықтарымен бөлісу, өңір тарихымен өзге облыс тұрғындарын жете таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Түпкі идеясы кітап оқуға бағытталған акцияға жас ұрпақтың келешегін ойлаған азаматтар зор үлестерін қосты», – деді әкім орынбасары.

Жиында облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында белгіленген межеден асып, жалпы 26 мың кітап жиналғанын атап өтті. Сондай-ақ әдеби сапар шеңберінде «Киелі Түркістаннан – Шежірелі Таразға», «Киелі Түркістаннан – Арайлы, әсем Алматыға», «Рухани Түркістаннан – Елордаға», «Тарихи Түркістаннан – Қасиетті Қызылордаға», «Тұғырлы Түркістаннан – Шұғылалы Шымкентке» атауларымен еліміздің бас қалалары мен көршілес жатқан, тарихы тамырлас облыстарға өңірдің әдеби-мәдени жетістігі жан-жақты таныстырылғанын жеткізді.

Қорытынды шара барысында акция аясында жиналған кітаптар өңірдегі 17 аудан-қаланың кітапханаларына салтанатты түрде тарту етілді. Жоспарға сәйкес, әр аудан, қалаға 1500 кітаптан оқу үшін бөліп берілді.

Алдыңғы пост
Шымкенттің 5 тұрғынын 60 млн теңгеге сазға отырғызып кеткен әйелді полиция іздеп жатыр
Келесі пост
“Өгей шешесі ұрып өлтірген”. Тағы бір бүлдіршін азаппен көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu