АҚШ Венесуэла Президентінің ұшағын басып алды

162

Алайда, ұшақта Николас Мадуроның өзі болмаған деп хабарлады СNN. Вашингтон, ұшақ тікелей американдық санкцияларды айналып өту үшін алынған деп отыр. Қазіргі таңда, әуе көлігі Доминикан Республикасынан Флоридаға жеткізілді.

Ендігі кезекте, американдықтар, 13 млн доллар тұратын ұшақты тәркілемек. Ал, Венесуэла билігі наразылық білдіруге құқығы бар дейді.

Айта кетейік, шілде айында Венесуэлада президенттік сайлау өткен болатын. Ел билігі Николоас Мадураны жеңіске жетті деп жариялаған болатын. Ал, АҚШ болса, оппозиция өкілі Эдмундо Гонсалес сайлауда жеңіске жетті деп отыр.

Бұған дейін Венесуэлада тамыз айының басында тәртіпсіздіктер болғаны хабарланған. Жергілікті құқық қорғау органдары сайлаудан кейін елді шарпыған екі мыңнан астам тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстады. Ел президенті Николас Мадуроның шешімімен олар қатаң режимдегі түрмеге тоғытылады.

Алдыңғы пост
Жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
Келесі пост
Президент: Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu