Қалалық прокуратура медициналық ұйымдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету заңдылығын тексерді.
Тексеру барысында 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды.
Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді, 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Денсаулық сақтау саласына жауапты қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мырза, театрдағы кадр мәселесімен емес, денсаулықтағы проблемалармен күрескен дұрыс ау?