129
Қазақстан құрамасы Паралимпиада тарихында ең сәтті өнер көрсетті. Соңғы ойындарда қазақстандық паралимпиадашылар Токио ойындарында 5 медаль жеңіп алған болатын. Бұл жолы бағы мен бабы қатар шауып, өткен нәтижеден едәуір асып түсті.
Париждегі Паралимпиада ойындарын рекордтық көрсеткіш 9 медальмен аяқтады.
XVІI жазғы Паралимпия ойындарында топ жарған Қазақстан құрамасының спортшылары:
🥇Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг);
🥇Ақмарал Науатбек (пара дзюдо);
🥈Еркін Ғаббасов (пара нысана көздеу);
🥈Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу);
🥈Ерғали Шамей (пара дзюдо);
🥉Дастан Мұқашбеков (пара жеңіл атлетика);
🥉Даяна Федосова (пара дзюдо);
🥉Зарина Раифова (пара дзюдо);
🥉Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо).