Әскерде қаза тапқан сарбазды қасақана өлтірген болуы мүмкін

104

Бас әскери прокуратураның мәліметінше, тергеу органы күдіктіні Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімен ұстап, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

«2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі “Оймаша” полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, соңғысы қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі)», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл іс, Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынған.

«Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х. Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде.

Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлайды»,-деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмған болатын. Оған, гвардия капитаны оқ атқан. Салдарынан, қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы бетіне оқ тиіп, қайтыс болды.

Алдыңғы пост
Елімізде кезекті есірткі зертханасы жойылды
Келесі пост
Қазақстан құрамасы Паралимпиаданы рекордпен аяқтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu