АҚШ-тың вице-президенті, Демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Камала Харрис пен экс-президент, Республикалық партия атынан кандидат Дональд Трамп бетпе-бет дебат өткізді.
Пікірсайыс, АВС телеарнасында өтті.
Дебат алдында Камала Харрис қарсыластың мінберіне жақындап, Трампқа бірінші болып қолын созып: «жақсы пікірсайыс болсын», – деді.
Трамп: «Сізді көргеніме қуаныштымын. Көңіл көтеріңіз»,-деді.
Харрис бірден Трампты айыптаудан бастады. Ол, бұрынғы Президент денсаулық сақтау саласы мен экономиканы аянышты жағдайда қалдырды деп отыр.
Ал, Трамп болса, пандемияға қарамастан, экономика саласында өз қолтаңбасын қалдырғанын жеткізді.
Екеуі бірін-бірі өтірікші деп атап, ұзақ дауласты.
Трамп, соңғы сөзінде Байден АҚШ тарихындағы ең нашар президент, ал Харрис ең нашар вице — президент деген сөздерімен аяқтады.
Харрис соңғы үндеуінде сайлауда жеңіске жеткен жағдайда АҚШ-ты әлемдегі ең қауқары мықты әскермен қамтамасыз етуге уәде берді.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп «ABC News-ке көңілі толмайтынын» білдірген еді. Оның пікірінше, бұл арна президент Джо Байден мен Харристің мүддесін қолдайды. Ол, пікірсайысты неғұрлым консервативті Fox News-те өткізуді талап еткен болатын.