106
Оқиға Маңғыстау облысының Сайын Шапағатов кентінде болған. Оқиға орнына лезде жеткен төтеншеліктер бар күшін салып, қыздың қолын темірмен бірге кесіп алды. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді.
«Шақырту орнына жеткен құтқарушылар 7 жасар қыздың қолы үйдің қоршауына өрнектелген арматураға кіріп кеткенін анықтады. Олар гидравликалық қайшылардың көмегімен арматураны кесіп, қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлеріне берді»,-делінген хабарламада.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз!