Бөтеннің мүлкін иемденіп, шетел асқан азамат экстрадицияланды 

225

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерімен, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді.

Қазіргі уақытта аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алдыңғы пост
Қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
Келесі пост
Жұмысқа орналастырамын деп пара алғандар сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu