Қайғылы оқиға, таңғы сағат 10:00 шамасында Алмалы ауданында орын алған. 7-сыныпта оқитын екі қыз көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап, қайтыс болған.
Куәгерлердің сөзінше, қыздар дене шынықтыру сабағынан сұранып кеткен. Ал мектеп күзетшісіне дүкенге баратындарын айтқан. Екі қыз да бұл тұрғын үйде тұрмайды екен.
Үй тұрғындарының сөзінше, сот-медициналық сарапшылар шатырды тексеріп, одан пышақтар мен түрлі таблеткалар тапқан.
Қайтыс болған қыздың бірі, елімізге белгілі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қызы екені белгілі болды.
«Тым көп сұрақтар, тым көп ауырсыну. Менің жүрегімнен бір бөлік жұлып алынды. Менен болған оқиғаның егжей-тегжейін сұрамаңыздар. Тіпті, сұхбат сұраудың қажеті жоқ. Менің балам өмірден өтті. Сіз оны түзете алмайсыз. Қолдау сөздеріңіз үшін барлығыңызға рахмет»,-деп жазған әлеуметтік парақшасында Евгений Мұхамеджанов.
Айта кетейік, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Фото: Евгений Мұхамеджановтың парақшасынан алынды