Алматыда мәйіттерді зорлады деп айыпталған азаматтың ісі тоқтатылды

102

Күзетші мәйітханада 2022- 2023 жылдары жұмыс істеген. Прокуратураның мәліметіне сәйкес, айыпталушының психикасында ауытқуы бар екені анықталған. Осыған байланысты, іс тоқтады.

Бұған дейін әріптестері, оның психикалық ауытқуы болуы мүмкін деп топшылаған болатын.

“Бала-шағасы бар-жоғын білмеймін. Естуімше, жалғыз тұрады, үш бөлмелі пәтері бар. Әпке-жездесі бар екен, бірақ олар бөлек тұрады екен. Әке-шешесі жоқ. Бізге мәйітхананың ішіне кіруге рұқсат жоқ. Біз сыртта қақпаның есігін ашамыз, жабамыз. Бірақ ол кісі сол кезде жұмыста болған, сол сәтте ғимаратқа кірген шығар. Бәлкім сол кезде өзінің әрекетін іске асырған. Мен кеше ғана естідім де таңғалдым. Ол кісі психикалық ауытқуы бар адамдардың есебінде тұрған дейді. Өйткені кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа тартқан деп естідім”, – деді мәйітханадағы күзетші әйел.

Естеріңізде болса, оқиға Алматы қаласында сәуір айында орын алған болатын. Күзетші мәйіттерді зорлады деген күдікпен қолға түскен.

Алдыңғы пост
Алматыда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, көз жұмды
Келесі пост
Қорғаста жаңа әуежай салынбақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu