Эскорт қызметін ұсынатын «Kyzdar.net» сайтының бұғатталуына не кедергі? 

97

Ішкі істер министрлігі интим қызметін ұсынатын Kyzdar.net сайтының жабылмауына байланысты үн қатты. Олардың айтуынша, интернет кеңістігіндегі әртүрлі тыйым салынған және заңсыз контенті бұғаттау тікелей мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне кіреді. Сондықтан, оны жабу мүмкін болмай отыр дейді. Сондай-ақ, министрлік мұндай проблема тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де кездесетінін атап өтті. Қазір қылмыстың көбі интернет арқылы жасалады және «онлайн-жеңгетайлық» қылмыстың жаңа түрлерінің бірі саналады.

«Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Алайда сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу органдары сол кездегі заңнамадағы олқылықтармен тап келуіне, дәлірек айтқанда осы бапта «жезөкшелікті насихаттау және жарнамалау жолымен телекоммуникация желілерін, интернетті пайдалана отырып» жасалған жеңгетайлық деген ұғымның болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», – деді ІІМ.

Ал, сайытты бүгін жапқанымен, ертең қайтадан басқасы ашылуы мүмкін.

«ІІМ «Кыздар.нет» сайтының сілтемелерін бұғаттау бойынша мәдениет және ақпарат министрлігіне тұрақты түрде хат жолдап отырады. Алайда интернет-ресурс домендік атауларды, яғни сайтқа өтетін сілтемелерді жылдам өзгертіп, жаңартып тұратындықтан, ол әлі де қолжетімді. Аталған интернет-ресурс америкалық интернет-провайдерлерге тиесілі хостингтерде орналасқан. Мысалы, бүгін «Kyzdar.net» сілтемесі бұғатталса, ертесіне «Kyzdar2.net», «Kyzdar4.net» және тағы басқа сілтемелер жұмыс істеп тұрады»,- деп хабарлады жауаптылар.

Айта кетейік, наурыз айында ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететіндердің анкеталарын сайтқа жариялауға көмектесетін 11 топ-менеджер ұсталған болатын. Алайда сайттың топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Алдыңғы пост
Көкек ана сәбиін гаражда босанып, сол жерге тастап кеткен
Келесі пост
92 жастағы зейнеткер балаларынан алимент өндіріп алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu