92 жастағы зейнеткер балаларынан алимент өндіріп алды

356

Ақтөбе қалалық соты 92 жастағы батыр ананың алимент өндіру бойынша азаматтық ісін қарады.

Кейуана 8 баласының үстінен арыз жазып, өзінің көмекке мұқтаж екенін жеткізген. Зейнеткер қазіргі уақытта кіші қызымен бірге тұрады. Және ол материалдық көмек көрсеткендіктен, алиментті тек қалған балаларынан өндіріп алуды сұраған.

Сот отырысы барысында ананың кейбір балаларының көп жылдан бері өзіне келмейтіні, қарым-қатынасы үзілгені мәлім болды. Осы себептерді ескерген сот шешім шығарды.

«Сот төрт баласынан алимент өндіру туралы шешім шығарды. Қалған төртеуі зейнеткерлік жасқа жеткендіктен, оларға алимент міндеттелмеді. Қалған балалардың әрқайсысынан 7 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде алимент өндірілді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қартайған шағында кәмелетке толған балаларынан қамқорлық көрмеген азаматтардың сотқа жүгініп, алимент өндіруге толық мүмкіндігі бар. Жұмыс істейтін кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға міндетті. Егер олар мұны өз еркімен жасағысы келмесе, сотқа жүгінуге болады. Бұл балаларды өз ата-анасын бағалауға, көмек беруге міндеттейтін заңдық тетік.

Бұдан бөлек, денсаулығының нашарлауына байланысты, жұмыс істеп, өзін-өзі қаржымен қамту қабілетінен айырылуына байланысты ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінен алимент талап ете алады. Некеге тұрып, отбасылық одақ құрғаннан кейін жұптардың бір-біріне қамқорлық көрсетіп, қолдауы дұрыс.

Алдыңғы пост
Эскорт қызметін ұсынатын «Kyzdar.net» сайтының бұғатталуына не кедергі? 
Келесі пост
Қазақстанға алғашқы жолбарыстар жеткізілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu