60 жастағы азамат жасөспірімді зорлап, қамауға алынды

179

Алматы облысына қарасты Қарақастек ауылында 10 жастағы қыз баланы зорлаған күдікті ұсталды. Қазір «қамауға алу» бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді.

17 қазанда Жамбыл аудандық полиция бөлімшесінде 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 1963 жылы туған азамат К. анықталып, барлық қажетті шаралар қолданылып, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ПД хабарламасында.

«Істің тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды», – деді ПД өкілдері.

Алдыңғы пост
Шахтаға заңсыз кіріп, алтын іздеген 3 адам көз жұмды
Келесі пост
Мереке күні қазақстандық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді – ІІМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu