Шымкент қаласы ПД бастығы лауазымына жаңа басшы келді

170

Шымкент қаласы ПД бастығы лауазымына Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы тағайындалды.

Нұрлан Сейсетайұлы, бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Естеріңізде болса, Шымкент қалалық полиция департаменті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығы, полиция полковнигі Бақтияр Баянов пен полиция аға лейтенанты Қуаныш Абдалин мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Шығын көлемі шамамен 370 млн теңге. Бұған қатысты, ІІМ түсініктеме берген болатын.

“Аталған факті бойынша Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ішкі қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. Ішкі істер министрлігі кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидасын ұстанады”, – делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
Суицидке себеп болған не? 
Келесі пост
Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu